Жас қақпашы турнир тарихында 11 метрлікті тойтарған екінші ең жас ойыншы атанды. Шерхан Қалмырза бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде қол жеткізді.
Бұған дейін мұндай нәтижеге тек 2017 жылы "Бенфика" сапында 18 жас 65 күнінде Миле Свилар жеткен еді. Қазір ол Римнің "Ромасында" ойнайды.
Лиссабонда өткен кездесу алаң иелерінің 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы алғашқы ойында жарақат алған болатын. Ал іріктеу кезеңінің басты қаһарманы, жауапты матчта "Селтикке" қарсы серияда 3 пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков 14 қыркүйекте өткен ҚПЛ-2025 турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында жақ сүйегін сындырып, саптан шыққан еді.
"Қайрат" келесі кездесуін 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында Испанияның "Реал Мадридіне" қарсы өткізеді.