Алматылық "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға "Тараз" клубы қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы", – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram арнасында.
Еске салайық, Шерхан Қалмырза "Реал Мадрид" клубына қарсы алаңға шыққан болатын. Ойын барысында қақпаға 5 гол өткізгеніне қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу