186 эмитенттің 460 мемлекеттік емес бағалы қағазы тіркелді

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
9270

Қазақстан қор биржасы (KASE) өткен айдағы сауданың жиынтық көлемін жариялады. 

186 эмитенттің 460 мемлекеттік емес бағалы қағазы тіркелді

Қараша айында ақша айналымы 10,2 трлн теңгені құрады. Бұл қазан айымен салыстырғанда 3,2%-ға немесе 319,5 млрд теңгеге көп көрсеткіш.

Есептік кезеңде KASE индексінің мәні 5,3%-ға өсіп, акция нарығын қаржыландыру көлемі 2,7 %-ға артты.

KASE баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен айда листингілеуден мемлекеттік емес бағалы қағаздардың 8 эмитенті өтті. Ал 2 компанияның бағалы қағаздары алғаш рет биржаның ресми тізіміне енді.

"2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 186 эмитенттің 460 мемлекеттік емес бағалы қағазы тіркелді.

Қараша айындағы сауда-саттықтың орташа көлемі 2 млрд теңгені құрады.

Мәміленің орташа күндік саны - 1 063, орташа көлемі - 1,9 млн теңге болды. Инвесторлардың арасында қайталама нарықта жеке тұлғалар топ бастады. Олардың мәмілелерінің жалпы көлемі 38,1%-ды құрады. Бұл жерде брокерлер мен дилерлердің үлесі - 19,6%, өзге институционалдық инвесторлардың үлесі - 3,3%, бейрезиденттердің қатысуы - 15,6% болды", – деп мәлімдеді биржаның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, корпоративтік облигация нарығындағы борыштың сауда көлемі 2,6%-ға немесе 382,2 млрд теңгеге азайды.

"Қазан айына қарағанда биржадағы корпоративтік облигациялар нарығының жиынтық көлемі 60,8%-ға немесе 305,3 млрд теңгеге төмендеп, 196,7 млрд теңгені құрады", – деп хабарлады Қазақстан қор биржасының өкілдері.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың номиналдық құны 1,9%-ға немесе 308,1 млрд теңгеге өсіп, 16,5 трлн теңгеге жетті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қараша айында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көлемі 66,6%-ға немесе 429,3 млрд теңгеге төмендеп, 215,7 млрд теңгені құрады.

"Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы нарығындағы сауда көлемі 167 млрд теңге болды. Көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда 72,5%-ға немесе 441,1 млрд теңгеге артық. Қайталама нарықта да оң динамика тіркелді.

Сауда көлемі 31,8 % немесе 11,7 млрд теңгеге өсіп, 48,7 млрд теңгеге жетті", – деген ақпарат таратты қордың баспасөз қызметі.

Есептік кезеңде инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторында 9 компанияның басқаруындағы 13 қаржы құралы болды. Олардың сауда көлемі 3,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен айымен салыстырғанда 340 млн теңгеге немесе 12,3%-ға артық көрсеткіш.

Абылай Бейбарыс


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу