19 жасында көз жұмған футболшы "Қайрат" академиясының түлегі болған

315

"Қайрат" футбол клубы спортшының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

19 жасында көз жұмған футболшы "Қайрат" академиясының түлегі болған Фото: Қайрат ФК

Алматыда Қазақстан бірінші лигасының футбол чемпионаты аясында жергілікті "Хан-Тәңірі" және "Екібастұз" командасы арасындағы матч кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" ФК Академиясы Диастың академия түлегі болғанын хабарлады. 

"Диас 2016-2023 жылдары біздің Академияда тәрбиеленіп, алғашқы QJ League маусымында "Қайрат" U-18 командасының сапында чемпион атанған. Ол мейірімділігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленіп, бапкерлері мен командаластарының құрметіне ие болды. "Қайрат" футбол клубы Диастың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз", – делінген клуб таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, ойынның 62-минутында "Хан-Тәңірі" ойыншысы Диас Төлеу алаңға құлады. Көп ұзамай футболшыны зембілмен алып кетті. Трансляцияда оның есін біліп жатқанын көруге болады. Аталған оқиғадан кейін 3 сағат өткен соң Қазақстан футбол федерациясы Диас Төлеудің қайтыс болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу