"2 адам қаза тапқан": Түркияда жартас опырылып түсті

Оқыс оқиғадан тағы 5 адам жараланған.

"2 адам қаза тапқан": Түркияда жартас опырылып түсті Фото: iStock.com / komyvgory

Келеңсіз жайтқа толассыз жауған жаңбыр мен топырақтың шайылуы себеп болуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Түркияның орталық бөлігіндегі Каппадокия аймағында Гёреме ашық аспан астындағы музейінің маңында тіркелген. 

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Болжамға сәйкес, соңғы күндері жауған нөсер жаңбыр топырақты шайып, жартастың бір бөлігінің опырылуына әкелген болуы мүмкін. Опырылған жартас Каппадокияға тән биік, конус пішінді тас түзілімдерге жатады. Оларды "ертегідегі мұржалар" деп те атайды. Бұл табиғи нысандар – жанартау жыныстарының эрозияға ұшырауы нәтижесінде қалыптасқан және аймақтың басты көрікті орындарының бірі. 

Каппадокия Түркияның орталық бөлігінде орналасқан. Бұл – ерекше жартасты ландшафтымен және тарихи ескерткіштерімен туристер арасында кеңінен танымал өңір. 

Жаза кеткен жөн, Каппадокияда бұған дейін де "перибаджи" деп аталатын бірегей жартас түзілімдері опырылған еді. 

2025 жылдың қыркүйегінде Гёреме елді мекеніндегі осындай табиғи нысандардың бірі жартылай қираған болатын. Қайта ол кезде ешкім зардап шекпеді. Ресми мәлімет бойынша, бұған температураның күрт өзгеруі, судың қатуы мен еруі себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу