Осылайша, өзбекстандық таэквондошы Улугбек Рашитов 2027 жылдың 12 мамырына дейін жарыстарға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таэквондодан әлемдік аренада мойындалған Өзбекстан өкіліне қатысты халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) осындай күтпеген мәлімдеме жасап отыр.
68 келіге дейінгі әлемдік рейтингтің үздігі, екі дүркін Олимпиада чемпионы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде 2 жылға жарыстардан шеттетілген.
Ең өкініштісі, Улугбек Рашитов небәрі – 23 жаста. Ол 2002 жылдың 23 наурызында дүниеге келген. Токио және Париж Олимпиадасының чемпионы атанған өзбекстандық талантты спортшысы.