Алматылықтар қала әкіміне үндеу жолдады

Нысанның маңындағы құрылысқа қарсы болған олар тұрғын үй кешенінің орнына жаяу жүргіншілер аллаясы мен автожол салуды сұрап отыр. 

Алматылықтар қала әкіміне үндеу жолдады

Көп қабатты тұрғын үй кешенінің орнына сквер және жаяу жүргіншілер мен көлікке арналған жол салынсын. Назарбаев даңғылы бойындағы 229, 231 және 235 үйлер мен  "Нұрлы Тау",  "Орион" тұғын үй кешендерінің 200-ден астам тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына осындай талаппен үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетейік, аталған аумақтағы бес қабатты үйлердің арасында жаңа кешен салу көзделген. Тұрғындар бұл 2021 жылғы 31 мамырда қабылданған Алматының сәулеттік келбетін қалыптастыру ережелеріне  қайшы келетіндігіне аударып отыр. Олардың айтуынша тығыздық, алшақтықтың ең аз мөлшері, тиісті әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, рекреациялық мүмкіндіктер және үй маңындағы аумақтың ең аз нормаларына қатысты талаптар сақталмайды. 

"Қазіргі уақытта Қозыбаев көшесі №223 мекенжайында көп қабатты тұрғын үй салып жатқан компания  тұрғындар, бизнес-орталықтардың қызметкерлері және №92 мектеп оқушылары жүретін  өткелді толығымен жауып тастады. Бұл жағдай Назарбаев – Ганди – Қозыбаев – Әл-Фараби көшелерінің квадратындағы үлкен кварталда  жүріп-тұру проблемасын туындатты, ауданның көліктері мен жаяу жүргіншілеріне жол жүру қиындап кетті", – дейді аудан тұрғындарынан құралған бастамашыл топ мүшесі Дарья Товштейн.

Тұрғындар құрылысты тоқтатып, орнына  жаяу жүргіншілерге арналған  аллея мен  жеке автокөліктердің бір жақты өтуі  көзделген жол  салуды сұрап отыр. 

Тұғындардың пікірінше сонда  белсенді жаяу жүргіншілер  трафигіне тартымды болатын   көптеген  орындар, оның ішінде   бизнес орталықтары, сауда кешендері, тамақтану объектілері, мектеп, саябақ өзара байланысты сәулеттік үйлесімділік табады. Бұл қалалық ортаның жайлылығын және аудандағы экономикалық белсенділікті арттыра түседі, ал  аудан тұрғындары абаттандырылған жалпы пайдалану орнымен қамтамасыз етіледі.

Өтпелі жол болса  Назарбаев даңғылы мен Қозыбаев көшесін байланыстыруға ықпал етіп, кварталдың  бөлінуін анағұрлым ыңғайлы етпек. 

Жаяу жүргіншілер аллеясы аудандағы экологиялық жағдайды, оның жаяу жүргіншілер мен көлік жолдарымен байланысын жақсартады, қалалық ортаны күнделікті пайдалану сапасын көтеріп,  бүкіл ауданның туристік әлеуетін арттырады. Жаңа қоғамдық кеңістікте орналастыруға ұсынылатын функциялар қатарында-сквер, амфитеатр, спорт және балалар алаңдары, қалалық плаза бар.

Белсенді тұрғындар  мамандардың қатысуымен әзірленген бұл жобаның  Алматының тұрақты дамуының барлық мәлімделген басымдықтарына жауап беретініне, ал одан тек аудан тұрғындары ғана емес, бүкіл қала ұтатындығына сенімді.

Алматылықтар қарсы болып отырған жер телімінің иесі "Атрикс-Строй Инвест" ЖШС басшысы Роман Устинов бастамашыл топпен кездесуге және жобаны қайта қарауға дайын екенін айтады. Ол 18 қабатты үш мұнара салу жобасы жаңа құрылыс ережелеріне сәйкес келмейтінін тілге тиек етті. 

"18 қабатты үш биік үйдің құрылыс жобасы ескі және желіде бұрын тараған. Біз бульвар қажет екенін жақсы түсінеміз, оған кедергі келтіретін бетон қабырғалар салмаймыз. Бізге бастамашы топ хат жазды,  бірақ нақты сұрақтары мен жауап беру үшін байланыс нөмірлерін көрсетпегендіктен. Олар тек құрылысқа қарсы екендіктерін жеткізді. Қазіргі уақытта апатты жағдайдағы 235А ғимаратын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Компания тұрғындармен кездесіп, түсініктеме беруге дайын", – дейді Роман Устинов.

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу