200-ден астам ауылға кең жолақты интернет тартылды

15701

Жыл соңына дейін 685 ауылға да тартылады. 

200-ден астам ауылға кең жолақты интернет тартылды

Жаңа оқу жылында 250-ден астам ауылдық мектептің оқушылары жоғары  жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Аэроғарыш және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні 250-ден астам мектеп пен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Бұл үшін 3 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілді. Осылайша, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстарының шалғайында орналасқан 200-ден астам ауылдық елдімекенге сапалы интернет жеткізілді, деп жазады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, "Цифрлық Қазақстан"  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан "ҚР ауылдық елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету"  жобасы аясында жыл соңына дейін 685 ауылда орналасқан 2000-нан астам мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған.

"Бұл жоба біз үшін өте маңызды, себебі азаматтарды сапалы интернетпен қамтамасыз еткен соң, цифрландырудың жоғары деңгейі туралы айтуға болады. Бұл жоба ауыл оқушыларына түрлі бағдарламалар бойынша онлайн режимде білімін жетілдіруге, дәрігерлерге телемедицина элементтерін өз тәжірибелерінде қолдануына мүмкіндік берсе, азаматтар "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйлерінде отырып алатын болады және басқа да көптеген мүмкіндіктерге ие болады", – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

2018 жылдың қазан айында "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ және SilkNetCom ЖШС құрамындағы консорциум өкілдері ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі  "Қазақстан Республикасының ауылдық елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына қол қойғанын айтып өткен жөн.

Желілердің жалпы ұзындығы 20 мыңнан астам шақырымды құрайды, жобаны іске асыру нәтижесінде 1250 ауылда ауруханалар, мектептер, авариялық қызметтер, жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс объектілері және құқық қорғау органдары секілді 3 718 мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікпен қамтылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 56 АЕМ-де орналасқан 177 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарға байланыс қызметтері ұсынылды.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу