2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда аграрлық инвестициялар қоры құрылады

Лилия Ахметова Лилия Ахметова
11627

"ҚазАгро" АӨК-ке инвесторлар тартуға уәде беріп отыр, бірақ ол әзірге бюджет есебінен болады.  

2016 жылдың соңына дейін Қазақстанда аграрлық инвестициялар қоры құрылады

Оның құрылуына еліміздің ауыл шаруашылығына тікелей инвестицияларды тарту бойынша жұмыс барысындағы ұлттық "ҚазАгро" холдингі бастамашылық етіп отыр. Жаңа қордың бастапқы капиталы 50 млн. доларды құрады және ол  бірте-бірте 300 млн. долларға дейін артады. Басқарушы компания ретінде ТМД кеңістігінде жұмыс тәжірбиесі бар FPP Asset Management LLP тартылды. Қордың міндеттеріне дәл қазіргі уақытта ресурстардың жетіспеушілігін бастан кешіп отырған АӨК қолданыстағы жобаларын, сонымен қатар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, балық шаруашылығы, сүт өндіру, дәнді дақылдар және зәйтүн майы, ауыл  шаруашылық техникасын жинау сияқты жаңа бағыттарға қаржыландыруды дамыту кіреді. Жобалар бастапқы өндірісті, өңдеуді, логистиканы, сақтауды, өндірістің құралдарын жеткізуді, сауданы қарастырады.

"ҚазАгро" холдингінің басқарма мүшесі- басқарушы қаржылық директор Бану Ерғалиева айтқандай, қорды капиталдандыру- бұл мемлекетттік және холдингпен тартылған қаражаттардың аралас қоры. Шетелдік қаражаттар жаңа қорға ол жұмыс істегеннен соң 2-3 жылдан кейін ғана "құйылады".

Аграрлық инвестициялар қоры еліміздің ауыл шаруашылық кешеніндегі екінші инвестициялық қор болады. Бұдан бұрын "ҚазАгромен" және Венгрияның экспортты-импорттық банкімен бірлесіп Қазақстандық-Венгрлік тікелей инвестиция қоры құрылған болатын. Оның бастапқы капиталы 40 млн.долларды  құрады, 150 млн. долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қорда  дәл қазіргі уақытта келісім беруге және қол қоюға дайындық сатысында тұрған үш жоба- сүт-тауарлы ферма, Ақмола облысында минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша зауыт және Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені бар.

"ҚазАгро"  осындай қорлардың жұмыс істеуі ауыл шаруашылық саласы үшін жақсы нәтиже беретініне сенімді, өйткені, оларды қаржыландырумен қатар технологияның трансфертін жүзеге асырады, сонымен бірге, жоба менеджментінің сапасы жақсаруы тиіс.

Әзірге холдинг  "қор жобаларын" жүзеге асыру үшін серіктестер іздестіруде. Шетелдік делегациялармен кездесу барысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытудың жалпы жағдайы, оны қолдау бойынша мемлекеттік шаралар, холдинг және оның еншілес кәсіпорындарының қызметі, "ҚазАгро" компаниясы топтарымен отандық  ауыл шаруашылық өндірушілерін және бірлескен кәсіпорындар туралы ақпарат ұсынылады. Шетелдік компанияларға Қазақстан территориясында жобаларды іске асыру бойынша бірлескен компанияларды құру үшін  қазақстандық ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер арасынан серіктестерді іздеу мәселесін қарастыру ұсынылады.

Холдингтің келешектегі инвестициялық жобаларын бірлесе іске асыру үшін шетелдік серіктестерді іздестіру холдингтің корпоротивтік порталында көрсетілген.

Лилия Ахметова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу