2016 жылы тұрғын үйді сату мен сатып алу артты

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
12319

Елде жасалған келісім саны 2015 жылмен салыстырғанда 14,6%-ға немесе 24 мыңға артты.

2016 жылы тұрғын үйді сату мен сатып алу артты

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында елімізде 190 209 тұрғын үй сатып алу-сату (2015 жылы бұл көрсеткіш 166 045 болған) келісімі жасалған.

Былтыр ең көп келісім желтоқсан айында (18627) жасалса, ең аз келісім қаңтар айында (10259) жасалған. Мамыр, маусым, қыркүйек және қазан айларында келісім саны біршама түскен.

2016 жылы сатып алу-сату келісімінің ең көп жасалған жері – Астана (26,5 мың) мен Алматы (28,5) қаласы, елімізде жасалған келісімдердің үштен бірі осы қалаларда. 2015 жылмен салыстырғанда Астанадағы тұрғын үй нарығының өсу белсенділігі Алматыға қарағанда төмен. Ал Алматыда керісінше нарық белсенділігі артқан.

Былтыр Астанада жасалған келісімнің басым бөлігі желтоқсан айында жасалған, яғни ол қараша айымен салыстырғанда 23,4%-ға көп. Алматыда да желтоқсан айында келісім көп жасалып, қараша айымен салыстырғанда 16,6%-ға көп болған.

2016 жылы Астана мен Алматы қалаларындағы сату/сатып алу келісімі

Еліміздің ең басты екі қаласынан кейінгі орында тұрғандар – Қарағанды облысы (19437), Оңтүстік Қазақстан облысы (15864), Шығыс Қазақстан облысы (15181) және Алматы облысы (13501).

Еліміздің 10 өңірінде жыл бойына келісім жасаудың шамалы өскенін байқауға болады ( 0,3-тен 11,8%-ға дейін), тек Батыс Қазақстан облысында ғана өсім 21,8%-ды көрсетіп отыр. Ал Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында тұрғын үйді сатып алу-сату келісімі, керісінше 2-ден 4,8%-ға дейін қысқарған.

2015 жылы келісім жасауға қатысты жағдай өте қиын болды. 2014 жылмен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімін жасау алты өңірде қысқарып, жеті өңірдегі өсім тек 0,7-12,5% ғана болған. Ол кезде тек Маңғыстау облысы ғана 57%-ды көрсеткен болатын. Ал бірінші орында 72,8% көрсеткішпен Астана тұрды.

2016 жылды аяқтайтын кезде бірқатар өңірде тұрғын үйді сатып алу-сату едәуір артқан. 2016 жылдың қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында жасалған келісім Қызылорда облысында 70%-ға, Ақтөбе облысында 35%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында төрт есеге артқан.

2016 жылы жасалған келісімнің үштен бірі жеке үйлерге, қалғаны көппәтерлі үйлерге жасалған.

2016 жылы жеке үйлерді Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында (өңірде жасалған барлық келісімнің 55-тен 66%-ға дейінгісін) көп сатып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу