2019 жылы жылжымайтын мүлік саласында қандай өзгерістер болады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
10272

Жылжымайтын мүлік саласында биылға бірқатар ірі өзгерістер жоспарланған.

2019 жылы жылжымайтын мүлік саласында қандай өзгерістер болады Фото: tengrinews.kz

ПИК-тер жойылады
2019 жылы пәтер иелері үшін басты өзгерістің бірі үйді басқару формасының өзгеруі. Әдеттегі ПИК-тер (пәтер иелері кооперативі) бұдан былай меншік иелері бірлестікгі (МИБ) болып өзгереді. Яғни, "Тұрғынүй-коммуналды шаруашылығы мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобы депутаттарының көпшілік дауысымен "бір үй – бір бірлестік – бір есепшот" қағидасы бойынша МИБ құрылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге реформаларға келер болсақ, жоғарыдағы заң жобасы қабылданғаннан тұрғын үй қатынастарына қатысудың ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғынүй қоры мен ТКШ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады. Капиталды жөндеуге ақша жинау қоры құрылып, қаржы пирамидасын құрудың алдын алу мақсатында тұрғын үй кооперативтері жойылады.

Коммуналдық қызмет арзандады
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр және жылу энергетикасы, су және газбен қамту, кәріз, телефон байланысы мен интернет қызметтерінің тарифтері арзандайды. Сонымен қатар үкімет ПИК тарифтерін де қайта қарауды тапсырды. Бұл жергілікті әкімдіктердің құзіретіне кіреді. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, тарифтердің арзандауы қызмет сапасына кері әсерін тигізбеуі керек және ТКШ нысандарына жаңғырту жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Жалпы, монополистер электр мен жылу энергетикасына, сумен қамтудың тарифтерін жалпы көлемі 20,3 млрд теңгеге арзандатады.

Кейін сатып алынатын жалдамалы үй салынбайды
2019 жылдан бастап кейінен сатып алынатын жалдамалы үйлер салынбайды. Бұл санат негізінген әкімдікте кезекте тұрғандарға арналған еді. Үкіметтің мәліметінше, бұл санат жалпы қаржыландыру тетіктерінің тиімсіздігін көрсетті.

Жалпы, алдағы 15 жылда Қазақстанда "Нұрлы жер" бойынша 1,5 млн отбасын үймен қамту жоспарланып отыр.

Кезектегілердің санаттары қысқартылады
Үкімет баспана алуға кезекте тұрғандардың санаттарын қысқарту арқылы мемлекеттік қордан үй алудың тәртібін оңтайландырмақшы. Бұл "Тұрғын үй қатынастары мен ренновация мәселесі және Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласын ары қарай дамыту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамаларын талқылау кезінде ұсынылды.

Құжатты дайындаушылар жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй кезегіндегі қазіргі 19 санаттың орнына әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтарды 8 топқа ғана бөлуді ұсынды. Атап айтар болсақ, олар:

1) ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

2) жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар; 

4) 1-, 2-ші топ мүгедектері; 

5) мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала асырап отырған отбасылар; 

6) ҚР Үкіметі бекіткен сырқаттар тізімінде бар созылмалы ауыр аурумен ауыратын азаматтар;

7) көпбалалы отбасылар;

8) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметтерін орындап жүріп, ғарыш кеңістігіне ұшу кезінде немесе ұшуға дайындық барысында, адам өмірін құтқару кезінде, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасы.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу