2020 жылы қонақүйлерге келушілердің саны екі есеге азайған

7771

Былтыр қонақүй, демалыс орындары мен пансионаттарға келушілердің саны бірден екі есеге қысқарған.

2020 жылы қонақүйлерге келушілердің саны екі есеге азайған

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында қонақүйлер мен демалыс орындарының көрсеткен қызметі 47,4 млрд теңгені құраған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 48,5%-ға аз, деп жазады ranking.kz. Ал физикалық көлемнің индексі – 50,2%. Демек, осы саладағы қызмет көрсету бірден екі есеге қысқарғанын көруге болады. 

Алдыңғы жылғы осы кезеңдегі көрсеткішке көз жүгіртсек, бұл саладағы қызмет көрсету көлемі 92,1 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,6%-ға көп болған.

Демалыс орындарына келген кісілерді орналастыру қызметінің басым бөлігін Алматы қаласы атқарған. Қалада үш тоқсанның ішінде 11,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Дегенмен де бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге аз екенін байқауға болады.

Сондай-ақ, алғашқы үштікке бас шаһар (8 млрд теңге, теңгеге шаққанда 58,5%-ға аз) және Ақмола облысы (4,5 млрд теңге, 22,9%-ға төмен).

Осы саладағы ең аз көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Осы өңірде 450,7 млн теңгенің қызметі көрсетілген, бұл бір жылдағы көрсеткіштен 53,4%-ға аз.

Жыл басынан бері қонақүй, мотель, кемпинг, туристік базалар сынды орындар барлығы 2,6 млн адамды қабылдаған, бұл да бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 47,5%-ға төмен болып тұр. 

Көптеген қонақ мейрамханасы бар қонақүйлерге тоқтағанды жөн көрген. Мұндай орындарға 1,1 млн адам келген, бұл бір жылғы көрсеткіштен 48,1%-ға аз.  Ал 799,1 мың адам мейрамханасы жоқ қонақүйді таңдаған. 437,7 мың адам бір қабатты бунгало, шале, коттедждер мен пәтерлерге қонақтауды ұйғарған. Қонақүйлердегі нөмірлердің толуы 19,3%-ды құраған, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 27% болған.

Қонақүйлердегі бір төсек орын орташа есеппен 7,6 мың теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 7,7%-ға өскен.

2020 жылдың қараша айында қонақүйдегі қызмет көрсету небәрі 1,8%-ға өскен.

Соның ішінде Павлодар облысындағы баға ерекше артқанын көруге болады. Мұнда баға бір жылдың ішінде бірден 16,3%-ға ұлғайған. Сонымен қатар тағы 6 өңірде бағаның 1,2%-дан (бас қалада) 6,7%-ға дейін (вАқмола облысында) көтерілгені байқалды. Атырау облысында керісінше, 7,4%-ға төмендеген. Қалған аумақтарда баға сол қалпында сақталды. 

 Қымбат Нұрғали


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу