2022 жыл "ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра" жылы деп жарияланды

2021

Президент Қасым-Жомаорт Тоқаев 2022 жыл "ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра" жылы деп жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

2022 жыл "ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра" жылы деп жарияланды

"Мәдени-гуманитарлық сала дәстүрлі түрде тарихи байланысты сақтауға және халық арасындағы достықты нығайтуға маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы орайда біз келесі жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы деп жарияладық", – деді Тоқаев онлайн режимде өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында . 

Мемлекет басшысының айтуынша, оны өткізу жоспары тарихи байланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған 100-ге жуық іс-шараны қамтиды.

"Бұл саладағы осыған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттардың сапалы жүргізуге, ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндік береді. Сондай-ақ туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы жастар ынтымақтастығы саласындағы 3 стратегияны айта кеткен жөн", – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомаорт Тоқаев 2023 жылы ТМД-ның мәдени астанасы ретінде Молдовияның Комрат қаласы таңдалғанын атап өтті.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу