2022 жылы Қазақстан жоспардан 3,1% артық газ өндірді

Алайда тауарлық газ өндіру көрсеткіші төмен.  

2022 жылы Қазақстан жоспардан 3,1% артық газ өндірді Фото: google.com

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылға газ өндіру көлемі 53,3 млрд текше метр газды құрады немесе 2022 жылға арналған жоспардың 103,1%-ы", – деді министр. 

Оның айтуынша, тауарлық газ өндіру 27,8 млрд текше метрді немесе 2022 жылға арналған жоспардың 94%-ын құрады.

"Индикаторға қол жеткізбеу Орынбор газ өңдеу зауытында Қарашығанақ газын қабылдауға қойылған шектеулерге, сондай-ақ Теңіз және Қашаған кен орындарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты", – деп түсіндірді министр.

Бұл ретте тауарлық газдың ішкі тұтынуы 19,3 млрд текше метрді немесе 2022 жылғы жоспардың 107,2%-ын құрады.

Газ экспорты 4,6 млрд текше метрді немесе 2022 жылғы жоспардың 85,1%-ын құрады.

"Газ экспортының азаюы ішкі нарықтағы тұтыну көлемінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету - бірінші кезектегі міндет", - деп түсіндірді Ақшолақов.

Оның айтуынша, ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тоннаны немесе 2022 жылға арналған жоспардың 98%-ын құрады.

"Жоспарланған мәнге қол жеткізбеу Атырау мұнай өңдеу зауыты және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ірі зауыттарындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты", – деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында Қазақстан 2023 жылы 53,5 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу