Былтыр Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Монетарлық саясат аясында теңгедегі активтер бойынша тартымды пайыздық мөлшерлеме депозиттердің 34,7 трлн теңгеге дейін рекордтық өсуіне жетуге мүмкіндік берді. Депозиттер 3,7 трлн теңгеге немесе 12%-ке өсті. Депозиттердің долларлануы ең төменгі деңгейге немесе 23,2%-ке дейін төмендеді" - деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық Банк Төрағасының айтуынша, Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті.
"Былтыр 6,2 млрд доллар мөлшерінде немесе жылдық 11,4% рекордтық инвестициялық табыс таптық. Алтын-валюта резервтері 1 млрд долларға жуық өсіп, 36 млрд долларды құрады. Ұлттық Банктің басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 17,8 трлн теңгеге дейін 3,2 трлн теңгеге ұлғайды. Инвестициялық кіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрап, бір жылда 76%-ке немесе 690 млрд теңгеге өсті. Өткен жылы зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,1% деңгейінде қалыптасты", - деді ол.