2024 жылы кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі?

14287

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.

2024 жылы кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі? Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшерін 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 130 414 теңгені құрайтын болады. 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-нан 65%-ына дейін арттырылатын болады, яғни, 28 215 теңге болады. Ең жоғарғы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100-ден 105%-ға дейін ұлғаяды, бұл 45 578 теңгені құрайды.

Келесі жылы 1, 2, 3 баланың дүниеге келуіне берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы – 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғаяды. 

Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өседі. Бұдан бөлек мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру да көзделген.

Балалар санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін артады. 

Жұмыс істемейтін аналарға бюджет қаражаты есебінен 1,5 жасқа толғаннан кейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады:

- [ ] бірінші балаға - 21 265 теңге;
- [ ] екінші балаға - 25 142 теңге;
- [ ] үшінші балаға - 28 982 теңге;
- [ ] төртінші және одан да көп балаға - 32 858 теңге.

Жұмыс істейтін әйелдер үшін 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы бала туылғанға дейінгі соңғы 24 айдағы орташа айлық табыстың 40%-ы көлемінде болады.

Мөлшері балалар санына байланысты көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы төрт баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін ұлғаяды.

"Алтын алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 27 320 теңгені, ал "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналар үшін — 23 628 теңгені құрайды.

Сондай-ақ I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топ – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топ – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайтылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 7 пайызға арттады. 

Бұл төлемдерді бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы жүзеге асырады. Төлемдердің мөлшері соңғы екі жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдардың санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты әртүрлі болады, әр адамға жеке анықталады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізіледі. Ол зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға есептелетін болады. HR Enbek еңбек ресурстары порталындағы жеке кабинетте арнайы әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алдын ала есептеу үшін калькулятор қолжетімді.

Осы функционалдылықты пайдалану үшін пайдаланушы-қызметкер электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тексерілуі тиіс. Жеке кабинетте тексерілгеннен кейін, "Профиль" бөлімінде, "Қызметкердің деректері" қойындысында төлемнің алдын-ала мөлшерін есептеуге болады.

Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттерден тұрады және төрт көзден жүзеге асырылады:

  • республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
  • зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; 
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем; 
  • БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі есебінен. 

Бұл төлемдерге кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер құқылы. Төлемді алудың негізгі шарты еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспау керек. Мұндай жағдайда жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылатын болады.  

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы балалардың жеке шотына аударыла бастайды. Қаражат мерзімінен бұрын алу мүмкіндігінсіз кәмелет жасқа толғанға дейін жинақталады. Болашақта бұл ақшаны екі мақсатқа пайдалануға болады – тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу. Жиналған қаражатты мерзімінен бұрын алу немесе өз қалауыңыз бойынша пайдалану мүмкін емес.

Алғашқы төлемдерді 18 жасқа толған балалар 2024 жылдың басында ала алады. Егер бала 2023 жылы 18 жасқа толса, онда ол "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатыса алмайды. Жалры 18 жастан асқан барлық азаматтар жобаға қатыса алмайды.

Жинақтаушы шот ашу үшін баланың ата-анасына қандай да бір өтінім берудің, банкке немесе БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ. Шоттар "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ-ға әр бала үшін автоматты түрде ашылатын болады. Баланың "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты egov.kz порталындағы жеке кабинетінен алуға болады

Жобаның шарттары бойынша қаражат доллармен жинақталатын болады. Жыл сайынғы толықтырулар сомасы белгіленбейді және Қордың инвестициялық кірісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жыл сайынғы төлемдердің мөлшері туралы нақты мәліметтер әр жылдың басында белгілі болады.

Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балаларға бөлінеді деп болжануда. Қазіргі уақытта бұл шамамен 7 миллион бала. Шоттарға түсетін сома Қазақстан азаматтары болып табылатын балалардың санына байланысты өзгеруі мүмкін. Алдын ала есептеулер бойынша, 2024 жылы 18 жасқа толған балалар жыл қорытындысы бойынша шамамен 160-170 доллар ала алады, ал 2023 жылы туылғандар кәмелетке толғанға дейін шамамен 3,5-4 мың доллар алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу