2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

1017

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу