Зейнетақы өсетін болды

2071

Зейнеткерлікке енді шығатын азаматтардың зейнетақы төлемдерінің құрылымы бекітілді. 

Зейнетақы өсетін болды Фото: gov.kz

Қазақстанда жыл сайын зейнетақы төлемдерінің өзгеруін миллиондаған адамдар бақылап отырады. Себебі кейбіреулер үшін бұл жалғыз табыс көзі болып есептелінеді. Азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы жағдайында зейнетақының күтілетін өсімі ертеңге деген сенімділіктің кепілі іспеттес. Зейнетақының қаншаға артатыны және өзгерістер кімдерге әсер ететіні жөнінде inbusiness.kz сайтының материалынан оқыңыз.

Зейнетақыны индекстеу мәселесі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіндік. Министрліктің дерегінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап егде жастағы қазақстандықтар үшін төлемдер инфляция деңгейінен 2%-ға озып, 8,5%-ға ұлғаяды.

"Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артатын болады. 2025 жылы өскеннен кейін жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңгені құрайды. Оның ішінде ең төменгі ынтымақты зейнетақы 62 771 теңге, базалық зейнетақы 32 360 теңге мөлшерінде", – делінген министрлік жауабында.

Зейнетақының ұлғаюы барлық 2,4 миллион зейнеткерге әсер етеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 2023 жылдан бастап және алдағы бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын кезең-кезеңмен артатынын жеткізді. Мысалы, 2025 жылдың басынан бастап ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-нан 65%-ға дейін, ең жоғары жоғары 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайтылатын болады.

2025 жылы зейнетақы төлеуге республикалық бюджеттен 4231,3 млрд теңге бағытталды. Олардың ішінде:

  • 2867,7 млрд теңге – жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне;
  • 1363,6 млрд теңге  базалық зейнетақыға.

Айта кету керек, Қазақстанда сегіз жасқа дейін бес және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдердің, сондай-ақ төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда (1949 жылдан 1963 жылға дейін) тұрған тұрғындардың мерзімінен бұрын зейнетке шығуға құқығы бар.

2024 жылдың қазан айында инфляция 0,9%-ға дейін жеделдеді. Тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, тұз, жұмыртқа және күнбағыс майы сияқты маңызды азық-түліктің де бағасы өсті. Ең жоғары инфляция Алматыда тіркелді.

Осы көрсеткіштерді негізге алсақ, 2025 жылы зейнетақы төлемдерінің артуы шығындардың өсімін өтеуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады. Алайда ол үшін бюджетті үнемді жоспарлау аса маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу