Тізімде мадридтік "Реал" мен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол жыл қорытындысында 67 гол соққан. Әрі мансабындағы ең нәтижелі маусымды артқа тастады. Екінші орынға Германияның "Бавария" клубы мен Англия құрамасының ойыншысы Гарри Кейн лайық деп танылған. Ал үздік үштікті "Манчестер Сити" мен Норвегия құрамасының көшбасшысы Эрлинг Холанд ешкімге берер емес.
Тізімнің төртінші орнына Кевин Эрнандес жайғасқан. Ол Пуэрто-Риконың "Пуэрто-Рико Сёрф" клубында доп тебеді және ұлттық құрама намысын қорғайды. Аталған футболшы 48 голды өз еншісіне жазып, әлемдік жұлдыздармен қатар тұр.
Бестікті Түркияның "Галатасарай" клубы мен Нигерия құрамасының шабуылшысы Виктор Осимхен түйіндеген.
2025 жылғы ең үздік ТОП-5 бомбардир:
- Килиан Мбаппе – 67 гол;
- Гарри Кейн – 60 гол;
- Эрлинг Холанд – 57 гол;
- Кевин Эрнандес – 48 гол;
- Виктор Осимхен – 46 гол.