2025 жылы конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

425

Азия ойындары Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өтеді.

2025 жылы конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды Фото: Olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрам жақында Астанада іріктеу ретінде өткен ел чемпионатының нәтижелері бойынша анықталды.

Нәтижесінде, Александр Панфилов жетекшілік еткен бапкерлер штабының шешімімен келесі спортшылар Азия ойындарына барады:

- Надежда Морозова
- Кристина Шумекова
- Инесса Шумекова
- Кристина Силаева
- Алина Шумекова
- Арина Ильященко
- Маргарита Галиева
- Дарья Важенина
- Мария Деген
- Виталий Щиголев
- Нұралы Ақжол
- Бақдәулет Сағатов
- Артур Галиев
- Роман Биназаров
- Евгенний Кошкин
- Алтай Жәрдембекұлы
- Никита Важенин
- Вадим Якубовский
- Демьян Гаврилов

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ.

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу