2025 жылы Германияда баспанасыз жандарға рекордтық көлемде ақша жиналған

300

Бұл деректерді Spiege басылымы жариялады.

2025 жылы Германияда баспанасыз жандарға рекордтық көлемде ақша жиналған Фото: Фото: Татьяна Маршанских

Америкалық GoFundMe платформасының талдауына сәйкес, немістер тұрғын үй қарызы бар жалға алушылар мен баспанасы жоқ адамдарға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы аударған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

2025 жылы платформа арқылы тұрғын үй мәселелеріне қатысты қайырымдылық науқандары барысында шамамен 6,8 млн еуро жиналды. Былтырғы жиналған сома – 2,3 млн. Тұрғын үйге байланысты қаражат жинау науқандарының саны 5 мыңға жуықтап, бір жыл бұрынғы 2400 көрсеткішінен айтарлықтай артты.

Германияда жарты миллионға жуық адамның баспанасы жоқ. Олардың дені мемлекеттік паналау орындарында немесе туыстары мен таныстарының үйінде тұрады. Ел үкіметінің дерегінше, 2024 жылдың басында көшеде немесе уақытша баспаналарда 47 300 адам өмір сүрген. DW хабарлауынша, тұрғын үйден мәжбүрлеп көшіру жағдайлары да жиілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу