2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың саны 28-ге жетті

177

Томас Тухельдің командасы Еуропа құрамаларының ішінде алғаш болып 2026-жылғы әлем чемпионатына жолдама алған команда атанды.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың саны 28-ге жетті

14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Англия құрамасы Латвияны сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, өз тобының жеңімпазы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды. Осылайша ағылшындар мундиальға қатысуын ресми түрде қамтамасыз еткен 28-ші ұлттық құрама болды.

Ригада өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Харри Кейн дубль авторы атанды. Сондай-ақ Энтони Гордон мен Эберечи Эзе де көзге түсті. Латвия құрамасының қорғаушысы Максим Тонишев 58-минутта допты өз қақпасына соғып алды. 

Англия құрамасы 18 ұпай жинап, К тобында бірінші орынға шықты. Келесі турда Англия құрамасы 13 қараша күні өз алаңында Сербия құрамасын қабылдайды. Ал Латвия құрамасы да келесі ойынын сербтерге қарсы өткізіп, оларды 16 қарашада өз алаңында қабылдайды.

Бүгінгі күнге дейін 2026 жылғы әлем чемпионатына келесі құрамалар жолдама иеленді:

Турнир қожайындары: АҚШ, Канада, Мексика.

Азия (АФК): Аустралия, Иран, Жапония, Иордания, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Өзбекстан.

Африка (АКФ): Алжир, Египет, Кабо-Верде, Гана, Кот-д’Ивуар, Марокко, Сенегал, Оңтүстік Африка Республикасы, Тунис.

Оңтүстік Америка (КОНМЕБОЛ): Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Парагвай, Уругвай.

Океания (КФО): Жаңа Зеландия.

Еуропа (УЕФА): Англия.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу аясында соңғы матчта Сотүстік Македониямен тең түсті. Дегенмен құрамамыз әлем чемпионатына қатыса алмайды. Іріктеу кезеңінің соңғы турында 15 қараша күні Қазақстан құрамасы өз алаңында Астана-Аренада Бельгиямен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу