Чемпиондар лигасының 2027 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

115

UEFA 2026-2027 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды анықтады.

Чемпиондар лигасының 2027 жылғы финалы Мадридте өтетін болды Фото: en.wikipedia.org

Нәтижесінде, финалды қабылдау құқығына Мадрид ие болды. Бұл мәртебелі ойынға Мадрид пен Баку қалалары таласқан еді.

Финалдық матч "Атлетико" клубының басты алаңы – "Рияд Эйр Метрополитано" стадионында өтеді. 2024 жылы қайта жөндеуден өткен арена 70 692 көрерменге арналған.

Ресми шешім 11 қыркүйекте Тиранада өткен UEFA Атқарушы комитетінің отырысында ұйым президенті Александер Чефериннің қатысуымен жарияланды.

Айта кетейік, 2026 жылғы финал 30 мамырда Будапешттегі "Ференц Пушкаш" стадионында өтеді. Ал қазіргі Чемпиондар лигасының чемпионы – француздық "Пари Сен-Жермен", өткен маусымның финалында миландық "Интерді" 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу