2027 жылы таэквондодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

171

Бұл туралы еліміздің таэквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2027 жылы таэквондодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді Фото: olympic.kz

Қазақстанда тұңғыш рет таэквондодан (WT) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдың Уси қаласында өткен Дүниежүзілік таэквондо федерациясының әлем чемпионаты аясында өткен жиында бәрі бір ауыздан Қазақстан кандидатурасын қолдады.

– Біздің әлем чемпионатын қабылдауға мүмкіндігіміз зор.Оны бұған дейін дәлелдей алдық. Мәселен, Астанада "Kazakhstan Open" турнирі жоғары деңгейде өтті. Ал тамыз айында халықаралық жарысқа 700-ден астам спортшы қатысты. Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу оның ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Дүбірлі дода 2028 жылғы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындары алдында ұйымдастырылады, – деді Қазақстан таэквондо (WT) федерациясының президенті Кудрат Шамиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу