2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

200

Қазақстан екінші рет қысқы Азия ойындарын қабылдайды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді Фото: Жасанды интеллект негізінде жасалған

2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы Алматы қаласына берілді.

Азия Олимпиада Кеңесінің (OCA) хабарлауынша, Қазақстан мен OCA арасында тиісті құжаттар келісіліп, ойындарды өткізу жөнінде ортақ шешім қабылданған.

Келісімшартқа 5 ақпан күні Италияның Милан қаласында өтетін салтанатты рәсім барысында қол қойылады. Рәсімге OCA мен Қазақстан тараптарының ресми өкілдері қатысады.

Бұған дейін қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясының Неом қаласындағы тау-шаңғы курортында өткізу жоспарланған болатын. Алайда құрылыс жұмыстарының кешігуіне байланысты Сауд Арабиясы Азиаданы қабылдаудан бас тартты.

Осылайша, Азиядағы ірі қысқы спорт додасы қайтадан Алматыда өтетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу