2030 жылға қарай 1,7 млн адамның табысы жоғарылайды

716

Бұдан бөлек экономикада 3,8 миллион сапалы жұмыс орындары құрылады.

2030 жылға қарай 1,7 млн адамның табысы жоғарылайды Фото: canva.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен "Қазақстан еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту" тақырыбындағы Үкімет сағатында 2030 жылға қарай теңдестірілген еңбек нарығы құрылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Министрліктің тағы бір маңызды міндеті – еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты тиімді ұштастыруға арналған құралдарды дамыту. Осы бағыт бойынша соңғы алты жылда азаматтар мен бизнеске арналған көптеген сервистері бар әлеуметтік-еңбек саласының тұтас экожүйесі құрылды. Олардың барлығы процестерді оңтайландыруға және әлеуметтік қорғау мен еңбек қатынастарының неғұрлым ашық және қолжетімді жүйесін құруға бағытталған", - деді министр.

Айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ең жақын уақыттағы стратегиялық мақсаты – 2030 жылға қарай теңдестірілген еңбек нарығын құру. 

"Сандармен айтар болсақ, экономикамызда 3,8 миллион сапалы жұмыс орындары болады, 1,7 миллион адамның табысы медианды жалақыдан жоғары болады. Формальды емес жұмыспен қамту 15 пайызға дейін төмендейді. Әлеуметтік онлайн-қызметтер көрсету индексі бойынша біздің еліміз әлемдегі үздік ондыққа енетін болады. Біз еңбек нарығы мен азаматтарды әлеуметтік қолдау саласында елеулі тәуекелдердің бар екенін мойындаймыз", - деді ведомство басшысы.

Светлана Жақыпова министрлік алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жүйелі көзқарас, озық технологиялық құралдар және білікті кадрлар бар екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу