2030 жылы ерлер арасындағы футболдан Әлем чемпионаты кезінде үш құрлықтың алты елінде бірегей форматта ойындар өтеді. Сонымен қатар сол жылы Уругвайда Мундиалдың 100 жылдығы тойланайын деп отыр.
Алғашқы Әлем чемпионаты 1930 жылы дәл осы Уругвайда өтіп, онда қожайын елдің командасы Мотевидеода Аргентинаны ұтқан еді.
Фото: АР агенттігі
ФИФА-ның мәлімдеуінше, жеті жылдан кейінгі футбол турнирлерін өткізуге Марокко, Португалия, Испания жалғыз немесе бірлескен кандидат ретінде таңдалды.
Фото: reuters.com
"Сонымен қатар, тарихтағы алғашқы футбол чемпионатын назарға ала отырып, ФИФА кеңесі Монтевидеода ғасырлық мерейтой салтанатын ... және Уругувайда, Аргентинада, Парагвайда бір-бірден үш матч өткізуге келісті", - деп жазылған Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының мәлімдемесінде.
Фото: reuters.com
2030 жылдың маусым-шілде айларына жоспарланған 48 командалық турнир Уругвайда, Аргентинада және Парагвайда басталады. Оларды ФИФА "Жүзжылдықтың мерекелік матчтары" деп атап отыр. Содан кейін чемпионат негізгі қабылдаушы елдерде - Испания, Португалия және Мароккода жалғасын таппақ.
Бұл ойындар кезінде бұрын-соңды болмаған сапарлар жасалады. Адамдар түрлі сағат белдеулерінде түрлі тараптарға жол тартады. Солардың қатарында Буэнос-Айрес пен Мадрид арасындағы 13-сағаттық авиациялық сапар бар.
Әлем чемпионаты екі жарты шардағы алты елде ұйымдастырылатындықтан, кейбір командалар топтық матчтарын түрлі маусымда (қыс, жаз) өткізуге мәжбүр болады.
2022 жылғы Әлем чемпионаты Катарда өтті. Бірақ оны әдеттегідей жылдың ортасында емес, Парсы шығарағы аймағындағы аптап ыстыққа байланысты, қараша-желтоқсан айларына шегеруге тура келді.
Әлем чемпионаты Испанияға оралады
Португалия мен Марокко - ешқашан әлем чемпионатын өткізбеген елдер. Ал Испания соңғы рет бұл турнирді 1982 жылы қабылдапты.
Испания корольдік футбол федерациясы басқару комитетінің президенті Педро Роша 2010 жылғы чемпионатты жеңіп алған еліне дүниежүзілік футбол чемпионатын қайтаруға қуанышты екенін атап өтті.
"Мароккомен, Португалиямен бірігіп, тарихтағы ең үздік Әлем чемпионатын ұйымдастыратынымызға сенімдімін", - дейді ол.
2004 жылы Еуропа чемпионатын қабылдаған Португалия Испаниямен бірге 2018 және 2022 жылдардағы турнирлерді өткізу құқығын жеңіп ала алмаса да, осы жолғы өтінішінде табысқа жетіп отыр.
"Біздің елдеріміздің әрқайсысы жарқын футбол дәстүрін, теңдессіз ұйымдастырушылық тәжірибесін және жарыстың болашағына өз ізін қалдыратын жаңашылдық қабілетін көрсетеді", - дейді Португалия футбол федерациясының президенті Фернандо Гомеш.
Марокко королі Мохаммед VI ФИФА-ның шешімін құптады. Бұл мемлекет өткен жылы Катарда жартылай финалға шыққан бірінші африкалық ел атанып, әлемді таң қалдырды.
"Мәртебелі Король Мұхаммед VI... Марокко халқына ФИФА кеңесінің 2030 жылғы футболдан Әлем чемпионатын ұйымдастыруға Марокко-Испания-Португалияны жалғыз үміткер ретінде бірауыздан таңдағанын қуапнышпен хабарлайды", - деп жазылған Марокко Корольдігі кеңсесінің мәлімдемесінде.
Осылайша, Марокко Оңтүстік Африкадан (2010) кейінгі Әлем чемпионатын өткізетін екінші африкалық мемлекет атанайын деп отыр.
Футбол Марокко өмірінде үлкен рөл ойнайды: оның ең үлкен командалары Африка клубтарының жарыстарында жиі жеңіске жетіп, үлкен қалалық стадиондарға халықты көптеп жинайды.
ФИФА сондай-ақ 2034 жылғы Әлем чемпионаты Азия немесе Океания аймағында өтетінін,және осы аумақтардағы мүшелерінің турнир өткізуге өтініш беруге шақырылатынын да хабарлады.
Сауд Арабиясы 2034 жылғы чемпионатты өз жерінде ұйымдастыруға ниетті, деп хабарлайды осы корольдіктің SPA мемлекеттік ақпарат агенттігі. Биыл желтоқсан айында Саудия футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын қабылдамақ.
Айта кетсек 2026 жылғы Әлем чемпионаты Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика өтейін деп отыр.