2050 жылы тағы 80 млн адам тамаққа зәру болады – БҰҰ

198

Әлемдегі әрбір оныншы адам аштықпен бетпе-бет келеді. 

2050 жылы тағы 80 млн адам тамаққа зәру болады – БҰҰ Фото: Anadolu Agency

2050 жылға қарай әлемде тағы 80 миллион адам аштыққа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Тюрк X желісіндегі жазбада дүние жүзіндегі әрбір оныншы адам аштықпен бетпе-бет келетінін айтты. 

"Климаттың өзгеруіне байланысты 2050 жылға қарай тағы 80 млн адам аштыққа тап болуы мүмкін", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, бұл мәселе азық-түлік тапшылығынан емес, тиісті жүйелердің әділетсіздігі мен қолжетімсіздігінен туындап отыр.

"Бізге теңдікке, тұрақтылыққа әрі адам құқықтарына негізделген азық-түлік пен жер пайдалану жүйелері керек", - деді Фолькер Тюрк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу