Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрлік болған оқиғаны бүкіл ел үшін ауыр қаза деп атады.
– Бұл – қаза тапқандардың отбасылары мен қарулас жолдастары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ауыр қаза. Отан алдындағы міндетін атқару кезінде өмірден өткен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, оларға сабыр мен төзім тілейміз, – делінген Қорғаныс министрлігінің көңіл айтуында.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына тағы да қайғырып көңіл айтамыз.