Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл стадионның қазіргі жағдайына аса қатты риза емес. Жүгіру жолағы мен трибуна үстіне шатыр қойылып, жарықтандыру жұмыстары жасалысымен стадион пайдалануға берілді. "Қайсар" футбол клубының ойындарын көруге келген жанкүйерлер трибуна ортасында тұрған тірек балкаларының тым үлкен диаметрлі екенін айтуда. Оның футбол көруге ыңғайсыздық тудыртатыны анық. Ал негізінде мұндай балкалардың адам өміріне қауіпі болғандықтан, УЕФА оны трибуна ортасына салуға рұқсат бермеген.
4 миллион еуро көлемінде қаржы жұмсалып, қайта жөндеу көрген бұл стадионда "Қайсар" командасына келер маусымда Еуропа лигасының ойындарын өткізу қиындық тудыруы мүмкін.
Ермұхамед Мәулен