4 млн гектар егістікке аса қауіпті зиянкестер тарауы мүмкін

6211

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл қауіпті зиянкестерге қарсы күресті күшейтпек.

4 млн гектар егістікке аса қауіпті зиянкестер тарауы мүмкін

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады", – деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен 12 аса қауіпті зиянды организмдерге және 11 карантиндік объектілерге қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Осы мақсаттарға жыл сайын республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңгеден  7,2 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күшімен зиянды организмдер мен карантиндік арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі.

2019 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 3,9 млн гектар алаңда болжанып отыр, оның ішінде 2,3 млн га дәнді дақылдар аурулары, 950,4 млн гектар үйірлі шегіртке зиянкестері  және 562,8 мың гектар сұр астық көбелегі.

Республикалық бюджеттен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру үшін 4,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге 2,1 млрд  теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңделу толығымен аяқталды. 7,3 мың гектар, оның ішінде Түркістан облысында 5,0 мың гектар және Жамбыл облысында 2,3 мың гектар өңделді.

"Итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары жалғасуда. Биылғы жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша итальяндық прус бойынша 341,7 мың га және азиялық шегірткелерге қарсы 133,2 мың га өңделді", – деді министр.

Бұдан басқа, негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн га, оның ішінде Ақмола облысында – 739,7 мың га, Қостанай облысында – 438,1 мың га және Солтүстік Қазақстан облысында – 574,0 мың га алаңда астық ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда. Аталған өңірлерге фунгицидтердің барлық көлемі толықтай жеткізілген.

Осыған байланысты, министрлік егістіктердің бүлінуіне және егіннің жоғалуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдауда.

Ал көршілес мемлекеттер тарапынан кінәраттарды болдырмау мақсатында ҚХР-мен, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау мақсатында, сондай-ақ бірлескен хаттамалар мен тексеру актілерін жасай отырып, жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізіледі.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу