"Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес!": Жәнібек Әлімханұлы үндеу жасады

571

Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып, кез келгенімен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 "Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес!": Жәнібек Әлімханұлы үндеу жасады Фото: instagram.com/ janibek_alimkhanuly

"Кез келген жерде, кез келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз. Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз бұйыртса! Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек. Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен. Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін. Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз. Бұйырса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз. Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа ертелі кеш 4 титулды елге алып келемін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу