Хорватия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
L тобының үшінші турында хорваттар Гананы 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде команда капитаны Лука Модрич бір нәтижелі пас беріп, тарихи көрсеткішке қол жеткізді.
Осылайша Модрич әлем чемпионаты тарихында нәтижелі пас берген ең егде ойыншы атанды – 40 жас 292 күн. Бұған дейінгі көрсеткіштер Тиаго Силва (38 жас 83 күн) мен Роже Миллаға (38 жас 51 күн) тиесілі болған.
Хорватия 1/8 финалда Португалия құрамасымен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу