Қазақстандық танымал теннисші Галина Воскобоева төрт жылдық үзілістен кейін кәсіби мансабын қайта жалғастырып, 40 жасында үлкен спортқа оралды. Ол АҚШ астанасында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады.
Вашингтонда дүйсенбі күні басталатын турнирде Воскобоева жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ол US Open турниріне дейін америкалық серния аясында тағы бірнеше жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.
Галина Воскобоева өз мансабында WTA рейтингінде 42-орынға дейін көтерілген (мамыр, 2012 ж.), ал жұптық сында бұдан да жоғары нәтиже көрсетіп, 2012 жылдың тамызында 26-орынға жайғасқан. Ол Australian Open мен Ролан Гаррос турнирлерінде екі мәрте жұптық сында ширек финалға дейін жеткен. Қазақстан құрамасы сапында 32 кездесу өткізген тәжірибелі спортшының WTA аясындағы соңғы ресми матчы 2021 жылы тіркелген.
Воскобоеваның спортқа қайта оралуы – қазақстандық теннис үшін маңызды оқиға. Кәсіби тәжірибесі мен жоғары деңгейдегі шеберлігі оған алдағы жарыстарда сенімді өнер көрсетуге мүмкіндік береді.