40 жастағы Роналду тағы бір жаңа рекорд орнатты

Ол ұлттық құрама сапындағы кезекті ойынында дубль авторы атанған. 

40 жастағы Роналду тағы бір жаңа рекорд орнатты Фото: Hamad I Mohammed / Reuters

Кеше түнде Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінің 4-турында Венгриямен тең тарқасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лиссабон қаласындағы "Жозе Алваладе" стадионында өткен матчта 2:2 есебі тіркелді. Португалиялық 40 жастағы аңыз Криштиану Роналду 2 гол (22, 45+3 минуттар) соқтық. Бұл – оның мансабындағы 947 және 948-ші голы. Сондай-ақ, Криштиану Роналду әлем чемпионатының іріктеу матчтарында барлығы 41-ші голын тойлап, жаңа рекордқа қол жеткізді. Негізінен, футболшының арманы – соққан голдарының санын 1000-ға жеткізу. 

Ал Венгрия сапынан Адам Салаи (8-минут) мергендігімен танылса, Доминик Собослаи 90+1 минутта есепті теңестіріп кетті.

Осыдан соң Роберто Мартинес жаттықтыратын Португалия 10 ұпай жинап, E тобында ешкімге дес бермей тұр. Ал Марко Росси баптайтын Венгрия 5 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. 
Келесі турда Португалия Ирландияға қонаққа барса, Венгрия Армениямен сырт алаңда кездеседі.

Бұған дейін "Роналду 40 жасында қамал алып, рекорд орнатты" деген тақырыпта материал жариялаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу