"5+": Елімізде 19 су көзі шектен тыс ластанған

2510

Ең ірі деген 94 су көзінің 16-сы ғана ластанбаған. 

"5+": Елімізде 19 су көзі шектен тыс ластанған

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өзен-сулардың жаздағы ластану деңгейіне талдау жүргізіпті, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.    

Су көздерінің көбінде қалқыма заттар мен магний шектен тыс көп. 21 су көзінде қалқыма зат нормадан бірнеше артқан. Ал магнидің мөлшері 32 өзен мен су қоймасында нормадан артып кеткен. 13 су көзінде аммоний ионы мөлшерден көп екенін белгілі болған.

Сондай 9 сукөзінде фенолмен, 6 су көзінде хлоридпен, 6 су көзі сульфаттар, 10 су көзінде фосфордың мөлшері шектен тыс болып шыққан.

Елімізде су көздерінің улану деңгейі 5 класс бойынша жіктеледі. Талдау жүргізілген 94 су көзінің 27-сінде ластанудың 4-класы байқалған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында 4-4 нысан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе облыстарының әрқайсысында 3 су көзі ластанудың 4-класына жеткен. Арасында Ертіс, Аягөз, Еміл, Жайық, Ор, Елек, Нұра, Арыс сияқты ірі өзендер мен Бұқтырма Су қоймасы бар.

Ластанудың ең жоғарғы "5+" деңгейіне 19 су көзі шалдыққан. Өңірлер бойынша жіктесек, Қостанай облысында 5 нысан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан обылстарында үш-үш нысан ластануыдң "5+" деңгейіне жеткен. Арасында, Талас, Сырдария, Тоблы өзендері мен Шардара су қоймасы бар.

Ал 5-класты ластануға  республика бойынша 9 су көзі тап болған. Оның ішінде үшеуі Ақмола облысында жатыр. Нұр-Сұлтанның ішімен өтетін Есіл де сол тізімде. Оның суының құрамында фосфордың мөлшері шектен асқан.  

         Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу