50 мың доллар парамен ұсталды

Дана Иман Дана Иман
2559

"Қазавиақұтқару" АҚ және "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ басшыларының басына бұлт үйірілді.

50 мың доллар парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков пен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ бас директоры Төлеуғазы Сексенбаев ұсталды, оларға 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Мекеме ақпары бойынша, 13 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қалалық департаменті қызметкерлері күдіктілерді құны 12 млн доллар тұратын "МИ-171Е" маркалы тікұшақты сатып алуға қатысты келісімшартқа қол қойғаны үшін шетелдік компанияның басшысынан 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып тұрған кезінде ұстаған.

Параның жалпы сомасы 100 мың доллар. Сот санкциясы бойынша күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейнгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Дана Иман

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу