Шинкиокушинкай каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық бәсекенің ашылу салтанатына федерация президенті Санжар Жаркешов пен федерацияның вице-президенті Қайыртай Қалижанұлы қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жарысымыздың кешегі күнінде 150-дей қатысушы "ката" бағдарламасында шеберліктерін көрсетсе, бүгін "кумитэ" бағдарламасы бойынша жекпе-жек сайысында 500-дей спортшы жүлдеге таласып жатыр. Додамызға Қазақстанның бірнеше өңірінен бөлек, көрші Қырғызстаннан да қатысушылар келді. Турнирімізге атсалысқан спортшыларға, ата-аналарға, демеушілерге алғысым шексіз", – деп федерация президенті С. Жаркешов өз ризашылығын білдірді.
Ұйымдастырушылар 2025 жылы Астана кубогының 25 жылдығына орай 25 мемлекеттің қатысуымен ауқымды халықаралық бәсекені өткізуді жоспарлап отыр.
26-республикалық турнирдің жеңімпаздары арнайы медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.