Олардың қатарында Қазақстан, Бахрейн, Гонконг, Үндістан, Иордания, Иран, Йемен, Катар, Қытай, Қытай Тайбэйі, КХДР, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея және Жапониядан келген спортшылар бар.
Ел намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиадаларының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиада қатысушысы Анастасия Лаврова, аралас жұптағы жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Ақашева қорғайды.
Ал басқа елдерден келген үстел теннисінің жұлдыздары арасында командалық есеп бойынша Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытайлық Ван Чуцинь, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Миу Хирано мен Мива Харимото (Жапония), Олимпиада алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.
Турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей, командалық, жұптық және аралас жұптық жарыстарда медальдар сарапқа салынады.
Жарыс Астанада 7-13 қыркүйек аралығында BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
Сондай-ақ жанкүйерлер чемпионатты тікелей эфирде "Qazsport" арнасынан көре алады.