750 мың доллар айыппұл төледі

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
7537

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Невада Атлетикалық комиссиясының талабын орындады.     

750 мың доллар айыппұл төледі

Лас-Вегаста өткен UFC 229 кешінде октагондағы жекпе-жектен кейін қып-қызыл төбелес ашқаны үшін Хабиб айыппұл төледі.

Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек 2018 жылы қазан айында өтті. Октагондағы жекпе-жектің соңы екі спортшының командалары арасындағы төбелеске ұласты. Биыл қаңтар айының аяғында Невада штатының Атлетикалық комиссиясы осы жанжалды қарап, шара қолданды. 

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, яғни Хабиб Нурмагомедов тоғыз айға аластатылып, 500 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттелді. Кеше түнде ресейлік басылымдар Хабибтің 750 мың айыппұл төлегенін (аударғанын) жарыса жазды. Қомақты сома Неваданың Атлетикалық комиссиясы шотына түскен көрінеді.

Хабиб тек өзінің айыппұлын ғана емес, командасындағы сенімді серіктері Абубакир Нурмагомедов пен Зубайра Тухуговтың айыппұлдарын төлеген көрінеді. Бұл екеуі 25 мың доллардан төлеуі керек болатын. Сонымен қатар адвокаттың қызметі үшін 200 мың доллар аударған. Сонда жалпы сомасы 750 (500 + 25 + 25 + 200) мың доллар төлеген. 

Естеріңізге сала кетейік, Неваданың Атлетикалық комиссиясы Конор Макгрегорды да жазаға тартқан. Ол 6 айға аластатылып, 50 мың доллар ғана төлеуі керек.

Жалпы Хабиб октагонға шілде айына дейін шықпайтын сияқты. Айтпақшы, ол жақында Қазастанға келіп кеткен. Қарағандыдағы балалар үйіне барып, жетім балалармен кездесу өткізгені жарияланған. 

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу