8 дүркін "Алтын доп" иегері Мессидің басына қара бұлт үйірілді

Ибица билігі футболшының 2022 жылы сатып алған вилласына қатысты тергеуді бастаған.  

8 дүркін "Алтын доп" иегері Мессидің басына қара бұлт үйірілді Фото: sport.kz

"A Bola" басылымының жазуынша, испан билігі мұны "заңсыздық" деп бағалап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хабарламаға сай, Мессидің меншігі табиғи қорғалатын аймақта орналасқан, мұнда құрылыс ережелері қатаң саналады. Испаниялық БАҚ-тың дерегінше, инспекторлар тексеріс уақытында жертөледен жобада көрсетілмеген бөлмелер мен гаражды тапқан. Осы заңбұзушылықтар салдарынан нысанға пайдалану сертификатын беру мүмкін болмады әрі вилла ресми түрде толықтай тұрғын үй ретінде жарамсыз деп танылды.

Қазір Месси сол виллада тұрады, себебі заңсыз салынған нысандар негізгі тұрғын аймаққа әсер етпейді.

Футболшыға жақын дереккөз аталған өзгерістерді бұрынғы иесі жасағанын, Месси мен оның заңгерлері бұл туралы сатып алу кезінде білмегенін айтады. Егер жағдай күрделене түссе, вилланың белгілі бір бөлігі бұзылуы да мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу