80 жастағы қазақстандық спортшы Нью-Йорк марафонын бағындырды

204

Марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 55 мыңнан астам, ал Қазақстаннан 44 спортшы қатысты.

80 жастағы қазақстандық спортшы Нью-Йорк марафонын бағындырды

80 жастағы қазақстандық Салтанат Түйтебаев әлемдегі ең қиын марафондардың бірі саналатын Нью-Йорк марафонын бағындырып, 80-89 жас санаты бойынша жеңіске жетті. 2025 жылдың 2 қарашасында ол әйгілі Веразано көпірінен бастап, бес көпірді еңсеріп, үлкен сыннан сүрінбей өтті. 
Әлем спортшылары "бейресми әлем чемпионаты" деп атайтын Нью-Йорк марафоны күрделі бағытымен ерекшеленеді. Жарыс жолының алғашқы шақырымы Стейтен-Айленд пен Бруклинді жалғайтын Веразано (Verrazzano-Narrows Bridge) көпірінен басталады. Ұзындығы шамамен 4 шақырым болатын бұл көпір теңіз деңгейінен 69,5 метр биіктікте орналасқан. Сондықтан ол жүгірушілерге қосымша қиындық тудырады.
Салтанат Түйтебаев жасына және күрделі бағытқа қарамастан 4 сағат 45 минут 56 секунд нәтижесін көрсетті.

Бұған дейін ол Астанада осындай қашықтықты 4 сағат 25 минутта жүгіріп өткен еді. Алайда Нью-Йорк тас жолдары әлдеқайда қиын болды. Себебі бес көпірдің әрқайсысы айтарлықтай күш пен төзімділікті талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу