81 жастағы Джо Байден әлемнің өзгеруіне әсер ететін шешім қабылдады

1638

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

81 жастағы Джо Байден әлемнің өзгеруіне әсер ететін шешім қабылдады Фото: dailytelegraph.co.nz

Джо Байден Президент сайлауынан бас тартты. Мұндай шешімге не үшін келгені жайлы үндеу жасайтынын айтты.

Енді Демократиялық партия Президент сайлауына Джо Байденнің орнына 59 жастағы Вице-Президент Камала Харристі ұсынуы мүмкін.

Джо Байден де Камала Харристі қолдайтынын білдірді.

"Барлық күш-жігерімді Президенттік міндеттерімді атқаруға бағыттауды шештім. Менің 2020 жылы Камала Харристі Вице-Президент ретінде таңдауым, ең дұрыс шешім болды деп есептеймін. Мен Камаланың биылғы сайлауда Демократиялық партия атынан Президенттікке үміткер болуын құптаймын. Демократтар бірігіп, Трампты жеңетін кез келді", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу