9 мың жас азамат жалға берілетін тұрғын үй алады

13965

ТМД елдері арасында Қазақстанда ең көп баспана салынған.  

9 мың жас азамат жалға берілетін тұрғын үй алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов еліміз тұрғын үй салу бойынша ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткішке ие екенін мәлім етті.

Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша еліміз Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. 18,3 млн адам бар елімізде бір тұрғынға баспана беруі – 0,71 шаршы метр. Ресейде – 0,54 ш.м., Белоруссия – 0,40 ш. м., Өзбекстан – 0,36 ш. м.

Мархабат Жайымбетов халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш жыл ішінде әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін тұрғын үй заңдарына заңнамалық түзетулер енгізілді және "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қаржыландыру тетіктері көзделген. Осы санаттағы 40 мыңнан астам кезекте тұрғандардың ішінде 2019 жылы түрлі тетіктер арқылы 7 387 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді", – деді комитет төрағасы.

Баспана беруде жастарға да көңіл бөлінуде.

"Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастардың тұрғын үй мәселесін шешу шаралары қабылданды. 2019-2021 жылдары жастардың 9 мың азаматын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр, 5 жылдық кезеңде осындай пәтерлерде тұрып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша өз тұрғын үйіне қаражат жинауға міндетті. 2019 жылы мұндай баспана 3004 қатысушыға берілді", – деді Мархабат Жайымбетов.

Нұржан Көшкін

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу