А сериясының футболшысы қазақ клубына ауысты

1017

Санаулы күндерден соң "Тобыл" футбол клубы швейцариялық "Базельге" қарсы матч өткізеді.

А сериясының футболшысы қазақ клубына ауысты

"Тобыл" украиналық жартылай қорғаушы Евгений Шаховпен еңбек шартына қол қойылғанын ресми түрде хабарлады. Евгений Шахов 1990 жылы 30 қарашада Днепропетровск қаласында дүниеге келген. 15 жасында ол Днепр академиясына келіп, екі жылдан кейін өзінің алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды. Днепрде 2016 жылға дейін ойнады, барлығы 127 матч өткізіп, 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Содан кейін ол грекиялық ПАОК клубымен үш жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл клуб сапында 100-ден астам матч өткізіп, чемпионаттың "алтыны" мен Греция Кубогін жеңіп алды.

2019 жылдың жазында Шахов Италияның "А" сериясындағы "Лечче" командасына ауысты. Статистикасы – 24 ойын, 1 гол және 3 нәтижелі пас. Евгений Украинаның барлық жасөспірімдер құрамасында ойнады, 2014 жылы Украина Ұлттық құрамасына шақырылды. Жартылай қорғаушы бұған дейін Луганск қаласының "Заря" клубында доп тепті.

27-шілде күні "Тобыл" Конференция Лигасының екінші кезеңінде "Базельге" (Швейцария) қарсы ойнайды. Бұл трансфер қостанайлық клубты одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз. Дегенмен клубта виза алу мәселесі қиындық тудыртуда. Бұл туралы "Тобыл" директоры Андрей Канчельскис команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Финляндия елшілігі "Тобыл" делегациясына Шенген аймағына бірнеше рет кіретін визаны бермеді. УЕФА Конференция Лигасының бірінші кезеңінен соң біз Финляндия елшілігінен Шенген аймағы үшін мультивиза беруді сұрадық. Шенген визасын беру ережелеріне сәйкес, біздің тарапымыздан барлығы заң аясында жасалды, сонымен қатар УЕФА-дан келген барлық хаттарды материалдарға тіркедік, бірақ өкінішке қарай Финляндия елшілігі бізге бір реттік виза ғана берді. Соның кесірінен Швейцарияға кіру үшін берілетін виза алатын уақытымыз тығыз болып қалды. Бұл процесті жеделдету үшін біз мүмкін болатын тетіктерді қостық. Бірақ, бәрі шешілгеннің өзінде команда Швейцарияға матч күні ғана келуі мүмкін, бұл ойынның нәтижесіне тікелей әсер етері анық. Ал футболда ұсақ-түйек нәрселердің болмайтынын білеміз", - деді Андрей Канчельскис.

Айта кетейік, швейцариялық клубқа қарсы қарымта матч Қазақстанда 3-тамыз күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу