Абай облысындағы өрт: Әкімдік қандай көмек көрсетуде

673

​Әкімдік тек алдыңғы қатарда ғана емес, волонтерлермен бірге өрт аймағында жан-жақты көмек көрсетуде.  

Абай облысындағы өрт: Әкімдік қандай көмек көрсетуде Фото: Абай облысы әкімдігі

Әкімдік тек алдыңғы қатарда ғана емес, волонтерлермен бірге өрт аймағында жан-жақты көмек көрсетуде.  

Әкімдік күшімен бірнеше аудандарда далалық ас үйлер ұйымдастырылды. Далалық асүйлер тоқтаусыз жұмыс істеп, өрт сөндірушілерді уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, Семей және Бородулиха аудандарында ұйымдастырылған эвакопункттерге Бородулиха ауданының Успенка, Принебесное, Барышевка кенттерінің, сондай-ақ Каштак, Талица, Тепкаши, Половинки ауылдарының тұрғындары келіп қоныстанды. Онда эвакуацияланғандардың барлығына ыстық шай беріліп, тамақтандырылып, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған азаматтардың жалпы саны - 70-тен асады.

Ең кішкентай эвакуацияланған балалар үшін облыстың білім басқармасының күшімен қала бойынша экскурсия жасалып, демалыс ұйымдастырылды.

Жалпы Семейдегі эвакопункттер 800-ден астам адамды қабылдай алады. Тұрғындар тастап кеткен үйлердің жанында полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін кезекшілік етуде. 43 тәртіп сақшылары күндіз-түні қараусыз қалған кенттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

ЖАО және еріктілердің күштерімен өрттің алдыңғы шетіне 1 тоннадан астам ауыз су, 250 кг қой еті, құс еті, нан, нан-тоқаш өнімдері, түрлі көкөністер жеткізілді. Сондай-ақ, 10 тонна түрлі өнім жеткізілді, оның ішінде 3,5 тонна ұн, 500 кг қант, күнбағыс майы, консервілер бар.

Өрттен келтірілген залал комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша өтелетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу