Абайдың мерейтойы той тойлау үшін емес, ой толғау үшін өткізіледі

3250

Президент шетелден әртіс шақырудың қажеті жоқ екенін айтты. 

Абайдың мерейтойы той тойлау үшін емес, ой толғау үшін өткізіледі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығында ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс екенін шегелеп жеткізді. 

"Қажет болса, бөлінген қаржыны қысқарту керек. Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет, той деген тойлау үшін емес, бәрімізге ой толғау үшін керек. Бұл шарада ұқыптылық болу керек, шектен тыс концерттерді ұйымдастырудың қажеті жоқ. Шетелдік әртістерді тарту қажет емес. Демеушілік қаржы бөлінгеннің өзінде, ысырапшылдық керек емес. Менің ойымша, осы шараларды іскерлік тұрғыда өткізуге болады. Сіз әкімдердің арасында ең тәжірибелі адамсыз. Осы орайда Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын барлық шараларды мұқият пысықтап шығыңыздар", – деді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке бағыттаған сөзінде.

Президенттің пікірінше, қазақстың бас ақынының 175 жылдығы ағартушылық бағытта өтуі тиіс. 

"Бұл шара тәжірибелік маңызды, идеологиялық жүктемені қамтуы керек", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу