Абат Айымбетов Еуропадан ұсыныс күтуде

320

Ұлттық құраманың шабуылшысына агенті жаңа клуб іздеп жатыр. 

Абат Айымбетов Еуропадан ұсыныс күтуде Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" клубынан кеткеннен кейін әлі де жаңа команда тапқан жоқ. Бірақ оның мансабын қайда жалғастырғысы келетіні белгілі болды.

Түркиядағы маусым аяқталған соң Абат Айымбетов еркін агентке айналды. Қазақстан клубтарының қызығушылығына қарамастан, Абат мансабын шетелде жалғастыруды ұйғарды. Алайда оған жаңа команда іздеу процесі созылып кетті.

Дегенмен, шабуылшы әлі де асығыс шешім қабылдағысы келмейді және Еуропадан ең жақсы ұсынысты күтуде. Ойыншының өкілі Траян Гергишан әртүрлі нарықтарда, соның ішінде өзіне жақсы таныс Румыния чемпионатында да жұмыс жүргізіп жатыр. Ал еркін агент мәртебесі Қазақстан құрамасының бапкерлер штабын алаңдатып отыр.

Олар Абатты нәтижеге ықпал ете алатын тәжірибелі шабуылшы ретінде қарастырады. Дегенмен, оның клубсыз қалуы алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырту мәселесіне әсер етуі мүмкін.

Ұлттық құраманың келесі жиынына 3 апта ғана қалды. Осы уақыт ішінде Айымбетов бабын жақсартып, іріктеудің маңызды матчтарына дайын бола ала ма, жоқ па – бұл үлкен сұрақ.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі келесі матчтарын қыркүйекте өткізеді.

Нақтырақ айтсақ, 4 қыркүйек күні Әли Әлиевтің командасы Астанада Уэльспен ойнайды, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу