"Еркін агент" мәртебесіндегі форвард отандық клубтарда доп тепкісі келмейтінін байқатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ирак чемпионатында жалғастыруы бек мүмкін.
Еске салайық, жуырда ғана оның Түркияның "Адана Демирспор" клубымен келісімшарт мерзімі бітіп қалды.
Сол себепті, түрік агенттері қазақстандық ойыншының ресми өкіліне хабарласып, оның Ирак клубына ауысу мүмкіндігін қарастыруда.
Ирактың "Эрбиль" клубы бұған дейін Өзбекстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Шерзод Темировты, ал "Багдад Аманат" клубы өзбек жартылай қорғаушысы Бахтиёр Косимовты өз сапына алған еді.
Түркия чемпионаты аяқталған соң, 28 жастағы Абат Айымбетов еркін агент атанды. Оған ҚПЛ клубтары қанша қызықса да, ол мансабын шетелде жалғастырғысы келетіндей.