Абат Айымбетов: "Іштей уайым болды. Бірақ өзіме сендім"

1867

Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанды 2:0 есебімен жеңіп, Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. Матч аяқталған соң бүгінгі ойындағы қос голдың авторы Абат Айымбетов кездесуге қатысты өз пікірін білдірді.

Абат Айымбетов: "Іштей уайым болды. Бірақ өзіме сендім"

– Бұл тек бастамасы. Әлі бізді алда маңызды ойындар күтіп тұр. Енді босаңсымау керек және бұдан кейін де дайындықты жалғастырамыз.

 Жанкүйерлердің барлығы да бірінші гол қалай қақпаға кірді деп таң қалып жатты. Сол жердегі оқиғаны айтып өтсең. Шамасы рикошет болды-ау деймін?

 Иә, рикошет болды. Көптен бері чемпионатта гол соға алмағаным уайым болып, оқу-жаттығу жиындарынан соң жарақат алып, 1 айдай ойындарға қатыса алмадым. Іштей уайым болды. Бірақ өзіме сендім. Екі гол соққаныма қуаныштымын.

 Алғашқы гол өте әдемі соғылды. Ал екінші гол ұзақ уақыт тексерілді. Нәтижесінде, VAR арқылы шешілді. Сол уақытта сенің қуанбай тұрғаныңды байқадым. Бейнежазбадан да қарадым. Офсайд болды деп ойладың ба?

 Негізі ондай ой болды. Өйткені бір қарағанымда қорғаушы офсайдта болғандай көрінді. Сондықтан күмәнім болғанын жасырмаймын. Бірақ бейнежазбаны қайта қарағанда ешқандай офсайд болмаған екен. Өте қуаныштымын!

 Бір қызығы, Қазақстан ұлттық құрамасында хет-трик жасаған ойыншы Дәуренбек Тәжімбетов екен. Оның рекордын түбі сен жаңартасың ба деген ой келеді.

 Бұйырса, алда әлі ойындар бар. Жанкүйерлерді қуантамын деген ойдамын. Сонымен қатар өзімнің жеке нәтижелерімді неге жаңартпасқа?

 Ойынның соңында ортада құлап қалғанда барлығы да сені жарақат алып қалды ма деп қорықты. Содан кейін Артур Шушеначев сенің орныңа алмасып шықты. Қатты жарақат алған жоқсың ба?

 Жарақат болған жоқ. Тек аяғымның сіңірі тартылды. Айтарлықтай ауыр жарақат алмадым.

 Сондай-ақ иығыңда да жарақат бар еді?

 Жарақатымнан толықтай айықтым. Қазіргі таңда ештеңе мазалап жүрген жоқ.

 Сұхбатыңызға рахмет! Сәттілік!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу